Жаңалықтар 15.05.2017 сағат 10:28

Тәжікстанда үлкен той жасаған шенеуніктер қызметтерінен қуылды

Бірқатар тәжік шенеуніктері балаларды тәрбиелеуде, салт-дәстүр, той өткізуде ата-ананың жауапкершілігі туралы заңды бұзғаны үшін қызметтерінен шеттетілген. Бұл туралы centralasian.org хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мұндай мәлімдемені Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 13 мамырда Данғарада Хатлон облысының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу кезінде жасады. «Біраз адамдар жұмыстан босатылды. Бұдан былай бұл салада бақылау өте қатаң болады», - деді Рахмон.

Оның сөздерінше, халықтың игілігі үшін, тұрақтылықты сақтау үшін аталған заң қабылданған. «Бірақ бірқатар шенеуніктер, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен кәсіпкерлер заңды сақтамай, дабыра той жасап, ысырапшылдыққа барып отыр. Олардың балалары мен туыстары қоғамдық тәртіпті бұзады», - деді президент.

Осының алдында 27 сәуірде үкімет отырысы кезінде Эмомали Рахмон көптеген лауазымды қызметкерлер, үкімет мүшелері, парламент өкілдері көл-көсір той өткізеді, олардың балалары оқу орындарына көлікпен барып, жол қозғалыс ережелерін бұзады деп мәлімдеген болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар