Жамбыл облысы Сарысу ауданының екі тұрғыны Конго-қырым қанды безгегі диагнозымен ауруханаға түсті деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"2017 жылдың 16 мамырында сағат 09:00-де Сарысу ауданының орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне Өндіріс ауылынан Конго-қырым қанды безгегінің белгілерімен 1956 жылғы ер азамат келіп түсті. Қазір аурудың алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді ТЖД өкілдері.
Дәл осы күні сағат 10:00-де көрші Игілік ауылынан дәл осы ауруханаға кене шаққан тағы бір ер азамат жеткізілген. 50 жастағы тұрғында да аты жаман аурудың белгілері бар.