Алматыда таңертеңнен бастап жауған нөсерлі жаңбыр қала тұрғындарын тағы да әбігерге салып қойды. Тасыған судың салдарынан көшелерде қозғалыс қиындаған. Жергілікті тұрғындар бұл жайтты бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратуда.
Қазір қаладағы арықтарға сыймаған су көшелер мен аялдамаларды шайып жатыр. Көпір астындағы жолдарға су толып, көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Ал, «Қазгидромет» АҚ синоптиктері Алматыда ертең де, арғыкүні де жаңбыр жауады деген болжам жасап отыр.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын да Алматы жаңбыр суынан айтарлықта зардап шеккен болатын. Ал, былтыр қаланың іргесінде лайлы су жүріп, бірнеше үйге залал келтірген еді.