$ 444.32  473.33  4.76

Өзбекстанда 1,5 мың адам балмұздақтан уланып қалды

Өзбекстанның Әндіжан облысы Шахрихан ауданында балмұздақтан жалпы 1,5 мың адам уланып қалды. Жүздеген тұрғынға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілместен үйлеріне қайтарған деп жазады centralasian.org.

Қазіргі уақытта ауруханада тағамнан уланды деген диагнозбен жүздеген адам жатыр. Әндіжандық дәрігердің бірі Шахрихан ауруханасында тағамнан уланған 200 адам емдеуден өтіп жатыр, бес адам жансақтау бөліміне түсті деп хабарлады.

Дереккөздің ақпаратына қарағанда, балмұздақтан уланған бірнеше адам көрші аудандардағы ауруханаға жіберілген. Әндіжан облысының құқық қорғау қызметі уланғандар Шахрихан орталығындағы «Макс» кафесінде балмұздақ жеген дейді.

Қалаға елдің денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитарлы дәрігер Сайдмурад Сайдалиев бастаған бір топ дәрігерлер барып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары