$ 513  541.16  4.69

Алматы облысында 1 ай бұрын жоғалып кеткен қыздың әдейі қашып кеткені анықталды

Алматы облысында тісін емдетуге кеттім деп, сол күйі үйіне оралмаған қыз аман-есен табылды. Анықталғандай, кәмелетке толмаған бойжеткен әдейі қашып кеткен деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

17 жастағы Зере Серікбаеваға анасы бір ай бұрын іздеу салған болатын. Сөйтсе, қызы алысқа ұзамаған екен. Бұған дейін полицейлер айтқандай-ақ, бойжеткен бұрынғы әдетіне салып үйінен өзі кетіп қалған. Бір айдан бері Алматыдағы көлік жуу бекеттерінің бірінде аман-сау жүріпті. Тіпті Таразға қыдырып үлгерген. Тәртіп сақшылары оны сол қаладан тауып, үйіне қайтарды. Айтуларынша, кәмелетке толмаған қыз ата-анасымен ұрысқан соң әдейі қашыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары