$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстан «жиһадшы қазақ балаларын» елге қайтарып алу әрекеттерін жасайды – ҚР Бас прокуратурасы

«Жиһадшы қазақ балалар» жайлы роликке түскен балалардың кім екенін анықталды.  Бұл жайында Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Біз бұл роликке кім түскенін білеміз. Арнайы қызмет пен құқық қорғау органдары мұндай материалдармен мұқият жұмыс істеп жатыр. Біз әрине, мұндай материалдардың таралмауы үшін оларға интернетте тосқауыл қою шараларын жасаймыз» деген Кравченко. Ол бұған қоса роликтегі балалардың қақтығыс аймағына түрлі жолдармен, оның ішінде негізінен ата-аналарымен бірге барған», – дейді  ҚР Бас прокурорының орынбасары.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі балаларды қайтарып алу әрекеттерін жасап жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстанның Бас прокуратурасы БАҚ пен қоғамға аталмыш видеороликтердің таратылмауы керектігін ескертті.  

«Осы барлық материалдар насихат болып саналады, яғни бұлардың бәрі қасақана жасалады. Әрі оларды жоғары маманданған адамдар жасайды. Мұның барлығын өз жағына адамдарды тарту мақсатында жасап отыр. Нақтылап айтсақ, олар қылмыстық топтарына адамдарды көптеп тарту үшін жасаған. Мұнда әрекеттерге  алданбау керек, бұл қарапайым қылмыстық топ, ол соғысуға байланысты, аса ауыр қылмыстарға қатысуға, кісі өлтіруге, бейбіт тұрғындарға қарсы түрлі лаңкестіктерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл – өте қауіпті әрекет, әрине, оның жолы кесіледі», – деп мәлімдеді Кравченко.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары