$ 444.32  473.33  4.76

«Астана-Өскемен» бағытындағы жедел маршрут іске қосылды

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанда Астана станциясының перронынан, ал 15 желтоқсаннан бастап Защита станциясынан (Өскемен) «Астана-Өскемен» бағытындағы жаңа пойыз жолға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

 

«Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Өскемен» бағытындағы №68/67 жолаушылар пойызы аптасына үш рет қатынайды. 

Жаңа пойызды аттандыру және қарсы алу шараларына теміржол саласының еңбек сіңірген ардагерлері, Астана, Шығыс-Қазақстан облысы әкімдіктерінің өкілдері, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы қатысты.

Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 19 «Турист», 1 вагон ресторан, 1 вагон-бар және 2 техникалық вагон.

Құрам Ерейментау, Екібастұз-1, Павлодар, Ақсу-2, Дегелең, Семей, Шар станцияларына аялдайды. Өскеменге дейінгі жол 16 сағат 50 минутты, қайтар жол 16 сағат 45 минутты құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары