$ 498.34  519.72  4.85

Жүлде қоры 15 млн теңгені құрайтын «Үркер» журналистер байқауына құжат тапсыру жүріп жатыр (ВИДЕО)

Биыл байланыс саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында еліміздегі журналистер арасында «Үркер» байқауының өтетіні туралы бұған дейін Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абайев мәлімдеген болатын. Қазір аталған байқауға құжат қабылдау науқаны басталып кетті. Байқауға қатысамын деушілер El.kz порталы арқылы өтінім бере алады. Бұл туралы «Қазконтент» АҚ төрағасы Евгений Кочетов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Байқаудың жүлде қоры 15 миллион теңгені құрайды. Яғни 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, олардың әрбіріне 1 миллион теңгеден жүлде берілмек.

«Алда 28 маусым күні баспа, радио және интернет-журналистика саласы бойынша «Үркер» ұлттық премиясы өтетіні туралы естіген боларсыздар?! Шараның ауқымы кең болғалы тұр, оған күмәндарыңыз болмасын. 15 жеңімпаздың әрбірі 1 млн (!!!) теңгеден алғалы отыр. Меніңше - лайықты мотивация! Қазір нағыз құжат тапсыратын уақыт. Дәп қазір el.kz сайтына кіріп, танысып, өтінім берсеңіздер болады. Сондықтан достар, бөлісіп, аталған жүлде жайлы айта жүріңіздер», - делінген Е.Кочетовтың әлеуметтік желідегі жазбасында.

«Казконтент» АҚ-на төраға боп тағайындалғанына небәрі 1 апта болған Евгений Кочетов Интернеттегі қазақтілді контенттің санын да, сапасын да арттыруға уәде беріп отыр.

«Менің "Казконтент" АҚ жұмысқа кіріскеніме 1 апта өтті. Жұмыстардың нәтижесін уақыт көрсете жатар. Әзірге орындалу керек жобалар мен идеялар өте көп. Оның көпшілігі ұлттық сапалы ұлттық контент, әсіресе қазақ тілді конттент құруға бағытталған. Біздің қазақ тілді оқырмандарымыз көптеген қызықты оқиғалардан тасада қалып қоятын секілді. Өз атымызға лайық жұмыс істеп, осындай олқылықтарды түзейтін боламыз», - дейді компанияның басқарма төрағасы.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары