$ 494.87  520.65  4.91

Астанада проблемалы 3 үйдің қашан аяқталатыны белгілі болды

Астанада салынып жатқан үлестік нысандардың уақытылы аяқталып, тапсырылуы Астана қаласы әкімдігінің басты назарында. Жұмыстардың белгіленген уақыт бойынша жүргізілуін бақылау және құрылыстың қандай деңгейде екенін анықтау мақсатында әкімдік «Жағалау-3», «Шығыс» және «Жағалау-4» нысандары бойынша көшпелі жиын өткізді.

 Шара барысында аталған нысандарды салушылармен жүздесіп, құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайы анықталды. Елорда әкімдігі жеке инвесторларға ашық әрі таза болу үшін мердігерлерге құрылыс барысы туралы жариялап отыруды тапсырды.

Астана әкімдігінің көшпелі жиын қортындысы бойынша жеке инвесторларға «Жағалау-3», «Шығыс», «Жағалау-4» тұрғын-үй кешендері құрылысының қазіргі жағдайы туралы хабарлайды.

«Жағалау-3» тұрғын үй кешені құрылысын жүргізуші - ИСК «ASI» ЖШС болып табылады. Нысан саны: 7 тұрғын-үй блок-секция, аяқталу мерзімі – 2017 жылдың маусым айынан желтоқсан айы. Үлескер саны – 512 адам. Нысан 222 депозиттік есеп-шотта жинақталған сатып алушылардың құрылысты аяқтауға бағытталған 1,245 млрд. теңге есебінен қаржыландырылады.

№ 6, № 7, 30/5, 30/10, № 28, № 29 блок-секцияларының пайдалануға тапсыру мерзімі 2017 жылдың тамыз айына жоспарланған, № 5 блок-секциялары – 2017 жыл маусым, 30/4 блок-секциялары – 2017 ж.шілде, 30/6, 30/7, 30/8, 30/9 секциялары – 2017ж.қыркүйек, № 37 блок-секция 2017 ж.желтоқсанында тапсырылады.

«Шығыс» ТК салушы - «KAONTEC International» ЖШС болып табылады. Нысан саны – 7, оның ішінде 298 үлескерлердің тұрғын үй тобы 1 «а» .

Нысан құрылысының аяқталу мерзімі 2017 ж.шілде айына жоспарланған. Нысан жинақталған және пәтер сатып алушылардың пайыссыз бөліп төлеу бойынша түскен 0,715 млрд.теңге көлемінде қаражат есебінен қаржыландырылады.  1 «в» тұрғын –үй тобы 311 үлескерлерден құралған. Аяқталу мерзімі – 2017 ж. шілде. 

Нысан жинақталған және пәтер сатып алушылардың пайыссыз бөліп төлеу бойынша түскен 0,787 млрд.теңге көлемінде қаражат есебінен қаржыландырылады.

2 «в» тұрғын-үй тобы - 408үлескерлерден құралған. Аяқталу мерзімі – 2017 ж.тамыз айынын қарашасына дейін блок бойынша. Қаржыландыру көзі - жинақталған және пәтер сатып алушылардың пайыссыз бөліп төлеу бойынша түскен 0,812 млрд.теңге көлемінде қаражат есебінен қаржыландырылады.

2 «а» тұрғын-үй тобы құрамында -328 үлескер. Аяқталу мерзімі –блок бойынша 2017 жылдың екінші тоқсаны және 2018 жылдың бірінші тоқсаны. Нысан жинақталған және пәтер сатып алушылардың пайыссыз бөліп төлеу бойынша түскен 1,17 млрд.теңге көлемінде қаражат есебінен қаржыландырылады.

№ 4 тұрғын үй тобында – 411 үлескер қатысушы. № 13,13/1,13/2 блок-секцияларының аяқталу мерзімі – 2017 жылдың қазан айы. №12, № 11, № 10, № 9 блок-секцияларын 2018 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланған. № 8–№ 1 блок-секциялары – 2018 ж.маусым айында аяқталады.Қаржыландыру көзі - жинақталған және пәтер сатып алушылардың пайыссыз бөліп төлеу бойынша түскен 1,602 млрд.теңге көлемінде қаражат есебінен қаржыландырылады және екінші кезектегі жүзеге асырылмаған 221 пәтергеинвестициялау.

№ 5 тұрғын үй тобы құрамында – 89 қатысушы үлескер. Аяқталу мерзімі – 2018 ж.маусым. Қаржыландыру көзі - жинақталған және пәтер сатып алушылардың пайыссыз бөліп төлеу бойынша түскен 0,236 млрд.теңге көлемінде қаражат есебінен қаржыландырылады және екінші кезектегі жүзеге асырылмаған 224 пәтергеинвестициялау.

№ 2 «б» тұрғын үй тобында -45 қатысушы үлескер бар. Аяқталу мерзімі – 2018 ж.желтоқсан. Қаржыландыру көзі - жинақталған және пәтер сатып алушылардың пайыссыз бөліп төлеу бойынша түскен 0,112 млрд.теңге көлемінде қаражат есебінен қаржыландырылады және екінші кезектегі жүзеге асырылмаған 387 пәтергеинвестициялау.Барлығы «KAONTECH International» ЖШС бойынша «Шығыс» ТК 1 883 үлескер қатысушы.

«Шығыс» ТК салушы - «Проектная компания Туран» ЖШС, онда 3 тұрғын үй тобы бар: № 3 «А» - 47 үлескер қатысушы, аяқталу мерзімі – 2018 ж.наурыз, № 3 «б» тұрғын үй тобы – 41 үлескер қатысушы, аяқталу мерзімі 2018 ж.наурыз.

«Жағалау – 4» ТК құрылысын жүргізуші - «ТЦЖ-3» ЖШС. №1 полигон, №1–7 блоктар. Үлескерлер саны – 36, аяқталу мерзімі -2017 ж.қыркүйек. №8–14 блоктары, үлескерлер саны – 33. Аяқталу мерзімі – 2018 ж.наурыз айы. Полигон № 4, № 3, № 2 – салушы ЖСК «ТК Жағалау». Полигон № 4 –595 үлескер, аяқталу мерзімі – 2017 ж.қыркүйек.Полигон № 3 – 325 үлескер. Аяқталу мерзімі – 2018 ж.маусым, полигон №2-171 үлескер, аяқталу мерзімі – 2018 ж.қазан. Нысан құрылысы – үлескерлердің үлестік жарна есебінен жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары