$ 448.15  483.46  4.86

Ресейде Сталиннің немересі қайтыс болды

Ресей армиясы Орталық академиялық театрының режиссеры, Иосиф Сталиннің немересі Александр Бурдонский 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы театрдың өкілдері "Интерфакс" тілшілеріне мәлімдеген.

Әріптестерінің айтуынша, Бурдонский ұзақ уақыт бойы жүрек ауруымен ауруханада жатып емделген екен.

Режиссермен қоштасу мерзімі әлі бекітілмепті. Белгілісі, бұл шара Ресей армиясының театрында өткізіледі.

Александр Бурдонский 1941 жылы қазан айында Иосиф Сталиннің кіші ұлы, авиация генерал-лейтенанты Василий Сталиннің отбасында дүниеге келген. Ол 1971 жылы Ресей театр өнері институтының Режиссура факультетін бітірген уақыттан бері Ресей армиясының театрында еңбек етіп келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары