«ЭКСПО-2017» көрмесінің алдында Астанада көшелеріндегі қайыршылар мен қаңғыбастарды басқа қалаларға көшіріп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Кеше әлеуметтік желіде «Астананы қаңғыбастардан тазартып жатыр», «Жарты сағат бұрын Петропавлға Астанадан 150 қайыршыны әкеліп түсірді» деген ақпарат тарап, интернет қолданушылары тарапынан қызу талқыға түскен болатын. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметінше бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
- Бүгінде 300-ден астам азамат елордадағы арнайы қабылау орталығына жеткізілді. Сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы анықталмаған 300-ден аса азамат әлеуметтік орталыққа орналастырылды. Өзге елдің азаматтарын елдеріне қайтару мақсатында іс сотқа жіберілді. Ал еліміздің азаматтарына қатысты толық тексеру жүргізіліп, олар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеткізіліп, туыстарының қолына табысталып жатыр, -деді ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Госман Жакин.