$ 498.34  519.72  4.85

Қытайда пара алған шенді полицей өлім жазасына кесіліп, үкімі орындалды

Қытайдың жоғарғы соты Ішкі Моңғолия автономды ауданы полициясының экс-басшысы Чжао Липинді өлім жазасына кесіп, үкімді орындады. Ол бұған дейін пара алды және адам өлтірді деп айыпталып, сотталған болатын деп жазады Синьхуа агенттігі.

Экс-полицейге ҚХР-дың жоғарғы ұлттық прокуратурасы ақпан айында айып таққан еді. Атап айтқанда, адам өлтіру, қаруды заңсыз сақтау және пара алу деректері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Чжао Липин 2015 жылдың наурыз айында Чифэн қаласында адам атып өлтірген. Сол жылы шілдеде ол партия қатарынан шығарылды. Артынша Шаньси провинциясы Тайюань қаласының соты оны өлім жазасына кескен болатын. Сот Липиннің 2008-2010 жылдар аралығында 23,7 млн юань (шамамен 3,5 млн доллар) пара алғанын дәлелдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары