Оқиға 22 мамыр күні Ақсай қаласында орын алған деп жазады "Мой город" порталының тілшілері. 34 жастағы ер азамат тапа-тал түсте бірінші сыныптың оқушысын азғындаған.
Күдікті кішкентай баланы көшеде ұстап алып, оған азғындық көрсеткен. Бірақ, зорлық-зомбылық жасамағаны белгілі болып отыр. Тергеудің құпия өткіне байланысты тәртіп сақшылары ешқандай ақпарат бермеді.
Белгілісі, 25 мамырда аудандық соттың шешімімен 34 жастағы күдікті 2 айға қамауға алыныпты. Сот процесі жабық жағдайда өтеді.