Шри-Ланкада алапат су тасқыны құрбандарының саны 200 адамға жуықтады деп жазады Хабар-24. Ұшты-күйлі жоғалып кеткен тағы 94 тұрғынның тағдыры әзірге беймәлім.
Айта кеткен жөн, табиғи апатқа өткен аптадан бері толас таппай тұрған жауын себеп. Салдарынан кейбір өңірде лай көшкіні жүрген. Қазір 1 мың 300 үй толығымен қирап, жарамсыз болып қалған. Тағы 7 мыңына нұқсан келді. Жергілікті билік БҰҰ мен Оңтүстік Азия елдерінен көмек сұрап отыр. Қытай 2 миллион долларға гуманитарлық көмек жөнелтпек. Үндістан да табиғи апат салдарын жою үшін өңірге 300-ден астам сарбаз бен медициналық қызметкерін аттандырды. Ал гуманитарлық ұйымдар денге безгегі не тырысқақ секілді аурулардың таралуынан күдіктеніп отыр.