$ 498.34  519.72  4.85

Кабулдегі жойқын жарылыстан 90 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабул қаласының орталығында жойқын жарылыс болып, 90 адам қаза тапты. Тағы 380 адам жараланған. Олардың қатарында Қазақстанның 2 азаматы бар. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Лаңкестік оқиға президенттік сарай мен елшіліктер орналасқан маңайда орын алған. Жақын жерде орналасқан ғимараттардың көбі зиян шекті. Олардың есік-терезелері қирап қалған.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, жарылғыш зат толтырылған автокөлік Германия елшілігінің жанына келіп жарылған. Оқиға салдарынан елшілік ғимараты ғана емес, қытайлық Синьхуа агенттігінің, Үндістан елшілігінің ғимараттары да бүлінді.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, лаңкестер жарылғыш затты су таситын автоцистернаның ішіне жасырған.

Жараланғандар қатарында Иран елшісі, жапон елшілігінің екі қызметкері, Германия елшілігінің бірнеше қызметкері, Би-си-си телеарнасының журналистері де бар.

Жараланған қазақстандықтардың бірі 1982 жылғы азаматтың басына шыны сынығы кіріп кетсе, 1991 жылғы екінші қазақстандқ аяғынан жараланып отыр. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, екеуі де қауіпсіз жерге шығарылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары