$ 447.4  477.55  4.76

Шығыс Қазақстанда «сотқа тартылған» сиырлар ақталды

Шығыс Қазақстанда «сотқа тартылған» сиырлар... ақталды. Ұлан аудандық соты ауылдың ірі қаралары жеке кәсіпкердің 300 мың тоннаға жуық көкөнісін жеп кетті дегенге иланбады, деп хабарлайды astanatv.kz.

Сөйтіп шаруаларды 16 млн теңге айыппұлдан құтқарды. Дәл осындай соманы кәсіпкер ауыл тұрғындарынан талап еткен еді. Бизнесмен ауылдың емін-еркін жайылған сиырлары өзінің көкөніс алаңына түсіп, барлық өнімді жеп кетті деп айыптаған болатын. Ал халық мұнымен келіскен жоқ. Өйткені 7 сиырдың бірнеше күнде 300 тоннадай көкөністі жеп қою мүмкін емес екенін алға тартты. Тіпті бір сиыр қыста 5 тоннадан артық жем-шөп жей алмайтындығын есептеп, дәлелдесе керек.

Сот айыптаушының айғақ ретінде көрсеткен суреттерінен сиырлар саны әлдеқайда көп екенін байқаған. Ауыл халқы малының аман қалғанына риза. Өйткені сот 16 млн теңгені бизнесменге өндіріп беру туралы шешім шығарған күнде, қарапайым тұрғындарға малын союға тура келер еді. Енді тұрғындар болашақта мұндай келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін бақташы жалдамақ. 

«Гасанов моральдық шығынды өтесін. Ол бізді екі ай бойы қинап, ары-бері сандалтып қойды. Біз қаншама шығындалдық. Соның орнын толтырсын», – дейді Мамай батыр ауылы тұрғыны Шәрбану Сержанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары