$ 439.4  473.54  4.76

Астанада 60 млн теңгені жымқырған алаяқ әйел сотталды

Астанада алаяқтықпен 60 млн. теңгедеден астам қаражатты қалтасына басқан әйел бас бостандығынан айырылды, Skifnews.kz қалалық  ІІД-не  сілтеме жасап.

Айыпталушы осыған дейін ірі жән аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін екі рет істі болған. 

Астана қаласы ІІД-нің хабарлауынша,1967 жылы туған Ш. есімді азаматша қала тұрғындарын алдап, олардың ірі көлемдегі ақшасын алып алған: жапа шеккендердің алдында ол өзін бірде риэлтор, ал енді бірде банк қызметкері ретінде таныстырып, банк алып қойған немесе кепілдіктегі пәтерлерді нарықтағыдан төмен бағамен алып беруге уәде еткен. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 60 млн. теңгеден асты. 

Ш. есімді азаматшаның қылмыстық ісінде алаяқтыққа қатысты 23 эпизод бар. Қазіргі уақытта ол сотпен айыпты деп танылып, жалпы режімдегі колонияда 6 жыл 8 ай жазасын өтеуге кесілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары