$ 448.89  477.93  4.76

Түркия Фетхулла Гүленмен бірге 130 адамды азаматтығынан айырды

Түркия Ішкі істер министрлігі шетелде қашып жүрген 130 түрікті азаматтығынан айырғаны туралы ақпаратты жариялады. Олардың қатарында АҚШ-та жүрген діндар Фетхулла Гүлен мен күрдтер партиясының екі депутаты да бар деп жазады РИА Новости.

"Үстерінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқан мына тізімдегі азаматтар егер үш ай ішінде елге оралмаса Түркия Қылмыстық кодексіне сәйкес азаматтықтан айрылады", - делінген Түркия ІІМ таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Фетхулла Гүленді Түркия билігі былтыр шілдедегі төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптаған болатын. Кейін елдегі мыңдаған адам қамауға алынып, тағы бірнеше мыңы қызметтен қуылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары