$ 446.49  475.38  4.79

Елімізде Астана күніне қанша күн демалыс берілетіні белгілі болды

Тура бір айдан кейін тойланатын Елорда күніне қазақстандықтар төрт күн демалатын болды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Сайттың ақпаратына сәйкес, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев демалыс күндерді ауыстыру туралы қаулыға қол қойған. 

Қаулыға сәйкес, Елорда күніне — 1 шілде сенбіден –7 шілде жұмаға ауыстырылады. Демалыс күндері 6, 7, 8, 9 шілде болмақ.  Алматыдан Ақмолаға (Астаның бұрынғы атауы) көшіру туралы шешімін Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылғы 6 шілдеде қабылдады. 1997 жылғы 10 желтоқсанда ресми түрде көшірілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары