23.12.2014, 06:16

Астанада экспресс-бағыттағы автобустарда жеңілдетілген жол жүру ақысы енгізілді

Сурет, vechastana.kz

Елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қоғамдық көліктің экспресс-бағыттарында (№ 52э, 53э және 54э автобустарында) жекелеген тұрғындар үшін жеңілдіктер енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2014 жылғы 23 желтоқсаннан бастап жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігіне қатысты өтініш-тілектердің көп болуына байланысты тиісті санатқа жататын азаматтар үшін жолақы құнына 50% (60 теңге) жеңілдік жасалады.

Қоғамдық көліктердің экспресс-машруттарында 50 пайыздық жеңілдік келесі санаттарға жататын азаматтар тиісті куәлігін көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады: 

– ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар; – І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер; – көп балалы отбасылар; – көп балалы аналар; – жасы мен еңбек еткен жылдарына қарай зейнетке шыққандар.