$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде баспана сатып алушылардың саны азайған

Қазақстанда баспана сатып алушылардың қатары кеміді. Мамандар бұл жайтты отандық бірнеше банктің ипотека беруді тоқтатуымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржысын жылжымайтын мүлікке салушылардың белсенділігі Қазақстанның барлық өңірінде төмендеген. Қараша айында жылжымайтын мүліктің отандық нарығында шамамен 13 мың сату-сатып алу мәмілесі жасалған. Бұл – қазан айындағы көрсеткіштен 1800-ге азайыпты. Алматыда өткен айда 1600-ге жуық келісім-шарт жасалса, қазан айында ол 1800-ден асқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары