$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбеде 70 млн-нан астам теңгені жымқырған балабақша бухгалтері сотталды

Ақтөбеде аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақтөбе қаласының №2 соты ҚР ҚК 176б.4б.«б»т. және 218 б. бойынша Д.К.Бұқарбаеваны айыптауға қатысты қылмыстық істі қарады.

«Алдын-ала тегреу органдары Д.Бұқарбаеваның 2018 жылдың 1 қаңтары мен 2013 жылдың 31 наурызы аралығында Ақтөбенің бірнеше мектепке дейінгі мекемесінде бас бухгалтер қызметінде жұмыс істей отырып, оған сеніп тапсырылған бөтен мүлікті бірнеше рет жымқырғанын анықтады. Осылайша ол лауазымды қызметін пайдалана отырып, 71 140 121 теңге аса ірі көлемде қаржы жымқырған», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Д.Бұқарбаева кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары