Жаңалықтар 08.06.2017 сағат 03:57  894

Түркіменстандық «коммунизм» соңына жетті

24 жылдан бері тегін су, газ және электр энергиясын тұтынып келген Түркіменстан халқы енді ол үшін ақша төлейтін болады. Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов халыққа көрсетілетін жеңілдіктердің барлығын тоқтатуды тапсырды деп хабарлайды Түркіменстанның мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мұндай бастаманы Бердімұхамедов сәрсенбі күні өткен үкіметтің отырысында мәлімдеген. Ол әлеуметтік жеңілдіктердің пайдасыз екенін, экономиканы тығырыққа тірейтінін айтты.

Ел президенті аталған жиында вице-премьер Ходжамаммедовке барлық жеңілдіктердің күшін жоятын құжат дайындауды тапсырған.

"Жеңілдіктер жұрттың бәріне бірдей көрсетілмеуі керек. Тек оған мұқтаж жандарға ғана көмек көрсетілетін болады", - деді Түркіменстан президенті.

Айта кетейік, бүкіл халыққа жеңілдіктерді ең алғаш рет елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов 1993 жылы енгізген болатын. Соның арқасында халық бүгінге дейін су мен газ және электр энергиясын тегін пайдаланып келеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар