$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте 35 жастағы ер азамат із-түссіз жоғалып кеткен

Шымкенттік полицейлер 35 жастағы жергілікті тұрғын Хикматилла Халдаровқа іздеу салды. Ол 2017 жылдың 5 маусымында таңғы сағат 08:30 шамасында өзінің «Субару Легаси» автокөлігімен үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған.

Ішкі істер бөліміне 30 жастағы Шымкент тұрғыны арызданып, туған ағасының із-түссіз жоғалып кеткенін айтыпты. Екі күннен бері тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын жүргізгенімен, жоғалған ер азаматтың қайда екені туралы ешқандай мәлімет таба алған жоқ. 

Қазіргі таңда Әл-Фараби АІІБ-нің тәртіп сақшылары із-түссіз кеткен азаматты анықтауға бағытталған барлық іс-шараларды атқаруда.

Жоғалған Хикматилла Изатуллаұлының белгілері: бойы 190 см, дене бітімі орта, шашы қысқа қара түсті, қасы мен көзі – қара. Көк көйлек, қызыл футболка, қара-көк түсті шалбар, қара-көк түсті аяқ киім.

Оңтүстікқазақстандық полицейлер, облыс тұрғындарынан Халдаров Хикматилланы көрген-білгендер болса, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не 8-7252-33-98-42, 8-7252-97-60-09, 8-776-800-81-81 нөміріне немесе «102» сымтетігіне хабарласуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары