$ 444.22  476.38  4.82

БҚО тұрғыны темекі үшін танысын өлтірген

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Ахметқалиев ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушы жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қанды оқиға биылғы қазанда орын алған. Сотталушы танысымен арақ ішу кезінде оның темекіні көп шегіп қойғанын сөз қылып, кикілжің бастаған. Танысы бұл сөзді қорлау деп қабылдаған. 

Ақыры Ахметқалиев өзінен жасы біршама үлкен жәбірленушіні алдымен бірнеше рет ұрып, сосын қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу мақсатында кеуде тұсына әлденеше мәрте пышақ сұққан. Сосын өлді деген оймен оқиға орнынан бой тасалаған. Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген жәбірленуші есін жимастан көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары