$ 444.32  473.33  4.76

Сотта жалған жауап берген жүргізушілердің бостандығы шектелді

Жалған жауап бергені үшін ҚР ҚК 352-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты деп танылған «Батыс Табиғат» ЖШС жүргізушілері М.Тұралиев, М.Бегелдиев, Д.Шакалей, И.Скабейко, А.Дмитриенколардың бір жылға бас бостандықтары шектелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізуші Ж.Меңдібаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚІЖК 280-бабының тәртібінде айыптау үкімімен Зеленов ауданы прокуратурасына түскен.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан екі жыл бұрын экологиялық талаптарды бұзып, қоршаған ортаны ластағаны үшін «Батыс Табиғат» ЖШС директоры Н.Машановтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.

Алдын ала тергеу барысында аталған жүргізушілер Атырау қаласындағы полигонға іс жүзінде бармағандықтарын, бұрғылау қалдықтарын Орал қаласында орналасқан ЖШС базасына әкеліп, түсіргендігін  көрсетті. Оларға нұсқауды супервайзер Д.Бекболатов пен «Батыс Табиғат» ЖШС директоры Н.Машанов  берген.

Алайда сот отырысында куәгерлер  Дмитриенко, Шакалей, Бегелдиев, Скабейко, Коробков, Меңдібаев бастапқы жауаптарын өзгертіп, қорғаушының көзінше іс жүзінде бұрғылау қалдықтарын Атырау қаласындағы полигонға жеткізгендігін нақтылаған, ал алдын ала тергеу барысындағы жауаптар  қылмыстық қудалау органының қысым көрсетуімен берілгендігін айтқан.

Сот қылмыстық істің материалдарын бағалай келе,  куәгерлер Дмитриенко, Шакалей, Бегелдиев, Скабейко, Коробков, Меңдібаевты жалған жауап бергендері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту  туралы мәселені шешу жөнінде жеке қаулы шығарған болатын.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары