Жаңалықтар 12.06.2017 сағат 03:41

Ресейде автобус құздан құлап, 11 адам қайтыс болды

Ресейдің Забайкалье аймағында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. Сондай-ақ, тағы 40 адам жарақат алған, олардың 34-нің жағдайы аса ауыр деп бағалануда деп жазады РИА Новости.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға орнында 10 адам көз жұмған. Тағы бір әйел ауруханаға барар жолда бақилық болыпты.

"Жолаушылар автобусында барлығы 51 адам болған. Олардың 11-і қайтыс болып, қалғандары жарақат алған. Қазіргі таңда 34 адам ауруханада, олардың жағдайын дәрігерлер аса ауыр халде деп бағалауда", - деді Чита қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері болса жарақат алғандарды Чита қалалық ауруханасына жеткізу мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Ведомтсво басшысы Вероника Скворцова федералды аймақтардың кәсіби мамандарына да жарақат алғандарға көмектесуді тапсырды.

Белгілі болғандай, апатқа ұшыраған автобус Красночикойск ауданындағы Урлук қаласынан шыққан екен. Ондағы жолаушылар қасиетті орынға мінәжат ету үшін арнайы сапарға шыққан. Вести.Ru порталының жазуынша, апат болған аймақта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Алайда, ешқандай жол белгілері болмаған. Салдарынан автобус 30 метрлік құздан құлап кетіпті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар