$ 474.72  515.17  5.58

Тәжіктер кітапханаларда тек Эмомали Рахмонның кітаптарын оқиды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның және ол жайлы кітаптар Душанбедегі кітап дүкендерінде сатылу жағынан алда келеді деп жазады centralasian.org.

Сатушылар соңғы жылдары оқулықтарға сұраныс көбейетін тамыз және қыркүйек айларын есептемегенде, негізінен мемлекет басшысының кітаптары сұранысқа ие дейді.

Душанбенің орталығында орналасқан «Ошёни Дониш» кітап дүкенінің директоры Абуали Умарзода күнделікті оншақты кітап сататынын, оның көбі президенттің кітаптары екенін айтады.

Эмомали Рахмон Тәжікстанды 25 жылдан бері басқарып келеді, осы уақыт аралығында оның авторлығымен 20-дан астам кітап жарық көрді. Ол кітаптар тәжік халқының тарихы мен тіліне арналған. Президенттің кітаптары ең жоғары сапада жарық көреді. Оның ең қымбат кітабы - XIX ғасырға дейінгі тәжік тарихын суреттейтін «Тәжікстан тарих айнасында» деп аталады.

Тәжікстанның жоғары және орта білім беру оқу орындарында президенттің кітаптары тұратын арнайы бұрыш бар.

Сарапшылар елдегі кез-келген шенеуніктің жұмыс бөлмесінде президенттің кітаптары жататынын, олар баяндама жасаған кезде, міндетті түрде кітаптан үзінді келтіретіндерін айтады.

Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Хурсанд Хуррамов тәжік қоғамында президентті мақтаған адамдардың ғана мансабы көтерілетінін айтып, мемлекет басшының кітаптарын сақтау, үзінді келтіру авторитарлы қоғамға ғана тән дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары