24.12.2014, 03:54

Калачи ауылының тағы 4 тұрғыны «ұйқы ауруына» шалдықты

Сурет, news.nur.kz

Ақмола облысының Калачи ауылында желтоқсанның 23-і күні тағы 4 тұрғын ұйықтап қалған. Оның үшеуі ересек, біреуі 2005 жылы туылған мектеп оқушысы, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда науқастардың барлығы дәрігерлердің бақылауға алынып, медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік,   осыдан бірер күн бұрын, яғни 20-21 желтоқсан күндері аталған елді мекеннің 4 тұрғыны бірінен соң бірі қалғып кетіп, аурухана түскен болатын.