$ 446.49  475.38  4.79

«Астана-Қызылорда» бағытында жаңа жүрдек пойыз қатынайды

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Қызылорда» бағытындағы №89/90 жолаушылар пойызы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Skifnews.kz  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа пойыз құрам 4 күнде 1 рет қатынайды.

Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 2 вагон ресторан және 3 техникалық вагон бар.

Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан станцияларына аялдайды. Қызылордаға дейінгі жол 22 сағат 25 минутты, қайтар жол 23 сағат 22 минутты құрайды.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытқа сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.

Пойыз аттанарға 44 тәуліктен 35 тәулікке дейін – 35 пайызға дейінгі жеңілдіктер;

Пойыз аттанарға 34 тәуліктен 25 тәулікке дейін – 25 пайызға дейінгі жеңілдіктер;

Пойыз аттанарға 24 тәуліктен 8 тәулікке дейін – 15 пайызға дейінгі жеңілдіктер енгізіледі.

Жеңілдіктер қолданыстағы №69/70 «Алматы-2-Защита» (Өскемен), №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №35/36 «Алматы-2-Шымкент», №67/68 «Астана-Защита» (Өскемен), №89/90 «Астана-Қызылорда» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарында енгізіледі.

Айта кетер бір жәйт, 2014 жылғы 16 желтоқсаннан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан бөлек) дербес дисконттық карталар енгізілуде. Аталмыш карталар жолаушылардың төмендегі үш санаттарына арналған:

«Жастар» – 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз, құны 999 тенге;

«Құрмет» – 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз, құны 999 теңге;

«Саяхатшы» – «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек пойыздарында соңғы 12 айда сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін, сапарлардың жалпы бағасы төмендегідей болуы шарт:

100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз;

150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны – 15 пайыз;

200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі – 20 пайыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары