$ 448.15  483.46  4.86

Украинада Георгий ленталарын тағуға және насихаттауға тыйым салынды

Украина президенті Петр Порошенко Георгий ленталарын өндіруге және оны насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойды деп жазады РИА Новости. Аталған заң жобасын Жоғарғы Рада 16 мамырда мақұлдаған болатын.

«Құжатқа сәйкес, Георгий ленталарын немесе оның суреттерін тағып жүруге, көпшіліктің алдында пайдалануға және насихаттауға тыйым салынады. Заңды бұзған жағдайда ең төменгі табыс көлемінің 50-ден 150 еселенген мөлшеріне дейін айыппұл төлейді және Георгий лентасы тәркіленеді», - делінген Украина президентінің әкімшілігі таратқан ақпаратта.

Егер осынау заңды екінші рет бұзған жағдайда айыппұл көлемі екі еселенеді және айыпты азамат 15 күнге дейін қамауға алынады. Заң 13 маусымнан бастап күшіне енбек.

Айта кетейік, 21 мамыр күні саяси қуғын-сүргін еске алу барысында Петр Порошенко аталған заңды міндетті түрде бекітетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, Георгий ленталары Екінші дүниежүзілік соғыстың символы емес, керісінше, 2014-2017 жылдар аралығында Ресейдің Украинаға көрсеткен агрессиясының символы.

Айта кетейік, Қазақстанда да соңғы бірнеше жылдан бері Георгий ленталарына қатысты дау туындап келеді. Бір тарап оны Ұлы Жеңістің символы деп қолдау білдірсе, екінші тарап оны қазақ халқын қырған отарлаушылардың символы екенін айтып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары