Жаңалықтар 12.06.2017 сағат 12:57  772

Осы апта елімізде аптап ыстық болады

Синоптиктер Қазақстанда 13-15 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Батыс Қазақстан үстінде қалыптасқан циклондар алдағы үш тәулікте республиканың орталық және солтүстік облыстары арқылы солтүстік-шығыс бағытына жылжиды. Алайда осы циклонға кіретін фронттар жүйесі аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс ауа райына әсер етеді", - дейді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, 15 маусымда Қазақстанның шығыс облыстарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай және екпінді жел күтеді, ал солтүстікте бұршақ болуы мүмкін. Осы жаңбырға қарамастан күн жылынады деп болжанып отыр. Кей жерлерде ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін жоғарылайды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар