Жаңалықтар 14.06.2017 сағат 10:32  682

Өзбекстан дәрігерлері егістік жұмыстарына жегілгендерін айтып отыр

Өзбекстанның Наманган облысындағы Турақорған ауданының дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері ауыл шаруашылық және абаттандыру жұмыстарына тартылып отыр. Бұл туралы олар Азаттық радиосының тілшісіне хабарлады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дәрігерлердің айтуынша, бір ай бойы олар "Кодирабад" ауылындағы мақта алқабында тегін жұмыс істеген. "Жексенбі күні бізді қала тазалауға жіберді. Біз үлкен көшелердің бойын тазартып жүрміз. Түнгі кезекшіліктен шықсақ та, бізді мақта алқабына жұмсайды. Біз адам емдеуіміз керек", - делінген дәрігерлердің ұжымдық хатында.

Дәрігерлердің бірінің айтуынша, медициналық мекеменің бас дәрігері ауыл шаруашылық және абаттандыру жұмыстарына қатыспағандарды жұмыстан шығарам деп қорқытқан.

Турақорған медициналық мекемесінің бас дәрігері Икболжон Каримжонов дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер мақта алаңына барғанын растады:

- Мен оларды біздің мекеменің ауласын тазалауға шақырған шығармын. Бізді бір-екі мәрте шаруаларға көмектесуге шақырды. Біз мақта алаңына өз еркімізбен шықтық, - деді Икболжон Каримжонов.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар