Жаңалықтар 24.12.2014 сағат 08:53

Елбасы балаларды Жаңа жылмен құттықтады

Астанадағы Оқушылар сарайында Президенттік шырша өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шараға елордалық балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, тұрмысы нашар және көп балалы отбасылардың балалары қатысты. Шара барысында «Мәңгілік Елдің қасиетті құндылықтары» атты жаңажылдық салтанатты қойылым көрсетілді.

Әр қатысушыға Елбасының атынан түрлі сыйлықтар: шақыру билеттері, кітаптар, ойыншықтар, планшеттер, тәттілер табысталды. Әрі Елбасы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құтықтады. 

«Құрметті балалар! Жаңа жыл барлық қазақстандықтардың үйлеріне қуаныш пен шаттық әкеледі. Осы күндерде біз ескі жылды тарих қойнауына тапсырамыз. Ол біздің барлығымыз үшін ерекше болды. Біз бұл мерекені жаңа жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Сендердің барлықтарыңның биыл жақсы нәтиже көрсеткендеріңді мен білемін, өйткені бұл шыршаға тек белсенді әрі талантты балалар ғана шақырылады. Сендердің барлықтарың жыл бойы жақсы бағалар алып, түрлі конкурстар мен жарыстарда жеңіске жеттіңдер. Мен осы үшін өте қуаныштымын. Мен барлық қазақстандық балалардың мықты, ақылды әрі қайырымды болып өскендерін қалаймын», – деді Н.Назарбаев өзінің балаларға арнаған бейнеқұттықтауында. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде балалардың білім алуына, демалысы мен дамуына барлық жағдайдың жасалып отырғанын айтты. Елбасы сондай-ақ барлық балалардың білімді болып өсіп, Отаны – Қазақстан Республикасының дамуына өз үлестерін қосатынына сенетінін атап өтті. 

«Осы шырша мен сыйлықтар сендер үшін ұмытылмас естелік болып қалады деп үміттенемін. Жаңа жылда сендерге денсаулық пен бақыт тілегім келеді. Барлықтарың сабақты жақсы оқып, спортпен айналысып, түрлі үйірмелер мен секцияларға барыңдар. Олар кейін есейгенде өз пайдасын тигізеді. Барлық армандарың орындалсын! Жаңа жыл құтты болсын, айналайындар!», – деді Қазақстан Президенті. 

Сонымен қатар шараға қатысушы балалар ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевпен, елордалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиевамен бірге шыршаны айнала ән салып, би биледі.

 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар