$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстанда 240-тан астам діни сайт жабылуы мүмкін

Қазақстанда діни мазмұндағы 244 сайтты жабуға ұсыныс берілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бүгінде біз Интернет-кеңістіктегі діни мазмұндағы деструктив ақпараттары бар сайттарды анықтауға мониторинг жүргізіп жатырмыз. Атап айтқанда, 2014 жылы біздің комитеттің өзі діни мазмұндағы 8000-нан астам сайтқа талдау жүргізді. 244 сайт бойынша тиісті сараптама жасалды, соның негізінде оларға Қазақстан аумағында тыйым салу үшін материалдар тиісті органдарға жолданды», – деді Ғ. Шойкин ОКҚ-нің діни сауаттылық тақырыбындағы брифингінде.

Оның айтуынша, 100-ден астам бейнематериалға талдау жасалды, сараптама нәтижесінде оларға теріс баға берілді, бұл материалдарды да Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынды. 

Бұған дейін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин радикал мазмұндағы сайттарға тыйым салудың дұрыс екенін айтқан болатын. Ал Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко Қазақстанда экстремистік және террористік сипаттағы материалдарды таратудың жолын кесуге мүмкіндік беретін жеке норма бар екенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары