$ 448.15  483.46  4.86

Жас маман сынақ мерзімінсіз жұмыс істей алады

Елімізде жастарды жұмысқа алуға біршама жеңілдіктер жасалды, деп хабарлайды  Skifnews.kz.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Бұл құжат «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасына ілеспе құжат болып табылады және ол бойынша 18 жасқа толмағандар үшін жұмысқа қабылдауда сынақ мерзімі қарастырылмайтын норма қамтылып отыр.

Бұдан бөлек, заң жобасы бойынша жұмысқа алғаш кірген жас маманға екі жылдан кем болмайтын мерзімге еңбек шартын жасау туралы норма енгізіліп отыр. Сонымен қатар, 18 жасқа толмаған жастарға, сонымен бірге техникалық және кәсіби орта білімнен кейінгі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу білім бағдарламаларын игерген, оларды бітірген күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін мамандарға сынақ мерзімі бекітілмейді.

Тұтастай алғанда заң жобасы жастардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғауға бағытталады. Бұдан бөлек, заң жобасында жас мамандармен еңбек келісімшартын жасасу мерзімі қамтылып, сынақ мерзімі қарастырылмайтын санаттар кеңейтілді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары