$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты

ОҚО-да жол-көлік оқиғасында 1 адам қаза болып 7 адам жарақаттанған, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында таңғы сағат 07-30-да Сарыағаш АІІБ-на хабарлама келіп түскен.  Алматы-Термез тасжолында орын алған жол-көлік оқиғасы орнына жеткен полицейлер,  34-жастағы  Сарыағаш ауданының тұрғыны «Ванхол» жолаушы тасымалдайтын автобустың руліне ие бола алмай бір бағытта алдында жүріп  бара жатқан 42-жастағы Сарыағаш ауданы тұрғынының басқаруындағы  «Камаз 5410» жүккөлігінің  артынан соққанын анықтады.

Соқтығыс салдарынан  автобуста отырған жолаушы 37-жастағы Өзбекстанның азаматы алған ауыр дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған.  Ал автобустың жүргізушісі мен ондағы Өзбекстан және Сарыағаш ауданының тұрғындары 1963, 1985, 1975 жылдары туылған үш ер азамат және 1950, 1983, 1993 жылдары туылған үш әйел әр-түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабымен (Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.        

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары