$ 449.58  486.94  4.86

Ыстық көлде жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Ыстық көл жағалауында орналасқан жанар жағармай бекеттерінің бірінде жарылыс болып, екі адам ажал құшты. Тағы 8 адам күйік жарақаттарымен ауруханаға түскен деп жазады РИА Новости Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жарылыс кеше кешке Ыстық көл облысындағы Ананьево ауылында газды сору кезінде орын алған. Оқиға болған жерде 10 адам болыпты. Олардың екеуі көз жұмды, бірі - кішкентай бала.

"Қазіргі таңда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде 5 адам жатыр. Олардың жағдайлары ауыр. Барлығының денелерін күйік шалған", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары