$ 498.34  519.72  4.85

Астанада билігі саудагерлерге ортақ киім үлгісін енгізіп жатыр

Алдын ала болжам бойынша, Астана күні қарсаңында, яғни, 1 шілдеде Нұржол саяжолы мен Есіл өзенінің жағалауындағы сатушыларға арналған бірыңғай киім үлгісін енгізу жоспарлануда.

Бұл жайында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бірлескен бастамасымен өткен Есіл аудандық әкім аппаратының жиналысында мәлім болды. «Көше саудаларының 1000 орны» бағдарламасының аясында қызметін жүргізіп отырған кәсіпкерлерге арналған бірыңғай киім үлгісі мәселесін шағын және орта кәсіп иелері де талқылады.

Шағын және орта кәсіп иелері ұсынылған үлгінің қолайлығын есепке ала отырып бірыңғай үлгідегі киімге үлкен қызығушылық танытты. Сонымен қатар ІІД жергілікті полиция қызметі мамандарының көшедегі бейберекет сауда мәселелері бойынша жедел-алдын алу шаралары кезінде аталған санаттағы кәсіпкерлерге құқық қорғау органдары тарапынан наразылық болмайды.

Кәсіпкерлік саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапқан ірі тігін фабрикалары бірнеше үлгідегі киім түрлерін ұсынды.  

Кәсіпкерлердің жалпы дауыс берулері арқылы нысандарда киіп жүретін киімнің ортақ үлгісі таңдап алынды.

Бұл ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес субъектілері арасындағы өзара ынтымақтастықтың көрінісі, деп санайды Астана қ. кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары.

Ведомстваның мамандары Нұржол саяжолындағы сатушыларға арналған бірыңғай үлгідегі киімдердің алғашқы кезеңінен кейін басқа да көше саудаларының өкілдері арасында да кең қолданысқа енгізілетініне сенімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары