$ 447.4  477.55  4.76

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынатын үйлердің бағасы қымбаттады

Елімізде мемлекеттік бағдарламамен салынатын баспана бағасы қымбаттай түсті. Енді «Қолжетімді баспана» бойынша берілетін пәтердің әр шаршы метрі 30 мың теңгеге артпақ, деп хабарлайды КТК.

Сондай-ақ, «Қолжетімді баспана» «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында берілетін болады. Сол арқылы пәтер үшін несие төлеу мерзімі 20 жылға дейін ұзартылады. Баспананың бағасы артқанымен, пайыздар мен ай сайынғы төленетін ақы азаймақ. Әрі 5 жылдан кейін пәтерді толығымен сатып алу да мүмкін болады. Бағдарламаны іске асыру үшін келер жылы бюджеттен 145 миллиард теңге бөлінгелі отыр. Ол қаржыға бір жарым миллионнан астам шаршы метр салу жоспарланған. Сонымен Астана мен Алматыда баға әр шаршы метрге 185 мың, ал аймақтарда 150 мың тенге деп бекітіліпті. Бірақ ол жалға алу құнына әсер етпейді екен. Бағдарламамен үй алғандардың ай сайынғы төлемі сол күйінде қалады деп сендірді шенеуніктер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары