$ 443.85  474.3  4.8

Қарағанды облысында жолдар жабылды

Қарағанды облысында көктайғақ болуына байланысты көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазавтожол» РМК сайтына сілтеме жасап. 

Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1492-1610 шақырымының Қарағанды-Ақсу-Аюлы бөлігі жабық. 

Сонымен бірге көктайғақ салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1610-1994 шақырымындағы Ақсу-Аюлы-Сарышаған бөлігі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары