$ 444.32  473.33  4.76

Шалқарда педофил ақталмақ болды

Ақтөбе облысында  педофил оқушыны 18 жастан асқан бойжеткен деп ойлап қалғанын айтып, ақталмақ болды, деп хабарлайды Вnews.kz .

Осыдан екі ай бұрын Шалқар қаласында 24 жастағы жергілікті тұрғын әжетханаға кіріп бара жатқан 10 жасар оқушы қызды көріп, соңынан еріп барған. Оны зорламақ болыпты. Мұны көріп қалған кішкентай қыздың құрбысы сол бойда айқайға басады. Көмекке сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғын келіп, қылмыскердің арам ойын жүзеге асыруға кедергі жасаған. Сот отырысы барысында айыпталушы оқушыны 18 жастан асқан бойжеткен деп ойлағанын айтып, ақталды. Дегенмен, судья Молдағалиев оны қыз баланы зорламақ болғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары