$ 498.34  519.72  4.85

ДАИШ лаңкетері Мосулдың басты мешітін жарып жіберді

Лаңкестер 800 жылдық тарихы бар Мосул қаласындағы мешітті жарып жіберді. Мұндай қадамға ДАИШ содырлары Ирак әскерилерінен қорғану барысында барған деп жазады France Press.

Дәл осы мешітте 2014 жылы "Ислам мемлекетінің" жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдади өзін халиф деп жариялаған болатын. Сондықтан, мінәжат үйі лаңкестер үшін де маңызды орындардың бірі болатын.

Ал, лаңкестік ұйым өкілдері болса жарылысты жасамағандарын айтып ақталуда. Олардың сөзінше, тарихи нысан АҚШ әскерилерінің әуден атқылауынан кейін бүлінген көрінеді.

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади лаңкестер өздерінің жеңілгендерін осылайша білдіріп отыр дейді.

"ДАИШ-тың ан-Нури мешіті мен әл-Хадба күмбезін жарып жіберуі олардың жеңілуінің белгісі", - деді премьер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары