$ 446.49  475.38  4.79

«Эйр Астана» әуекомпаниясы билет бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Астана-Жезқазған және Астана-Павлодар бағытындағы ұшақтарға 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап билет бағасының қымбаттауына байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы уақытқа дейін Астана-Жезқазған және Астана-Павлодар бағыттарындағы ұшақтарға билеттердің қымбаттайтыны туралы айтылған болатын. Аталған бағыттарға билет алмақшы болған жолаушылар билет бағасының қымбаттайтынын компанияның сату кеңселерінен білген. Осыған орай «Эйр Астана» әуекомпаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі ресми мәлімдеме таратты. 

«2015 жылдың 1 қаңтарынан бұл рейстер (Астана-Жезқазған, Астана-Павлодар – Авт.) коммерциялық негізінде орындалады, себебі мемлекеттік бюджеттен қаражыландыру болмайды. Жаңа жылдан бастан бұл рейстерге баға бір бағытқа 10 940 - 24 940 теңге көлемінде болады. Сондай-ақ, 12-25 жас аралығындағы және 60 асқан адамдарға жеңілдіктер қарастырылған. Мұндай азаматтарға бір жаққа билет құны 13 440 теңге (барлық алымдарды қосқанда). Әзірше, 1 қаңтарға дейін эконом-кластың бюджеттен қаржыландырылатын тарифтер Астана-Павлодар бағыты бойынша 18 000 теңгеден, Астана-Жезқазған бағыты бойынша 16 000 теңгеден басталады», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары