$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстан Украинаға көмірді екі кеніштен тасымалдамақ

Қазақстан Украинаға көмірді Қарағанды және Екібастұз кеніштерінен тасымалдайды деп хабарлайды «Азаттық радиосы» Украина сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Киевке сапарында Украинаға көмір тасымалдауға келісім жасалғаны хабарлаған.

Украина сыртқы істер министрлігі «Мемлекет басшыларының келіссөзі нәтижесінде Украинаның мұқтаждығына Қарағанды мен Екібастұз бассейндерінен көмір тасымалдауға келісім жасалды» деген.

Айта кетейік, Украина елдің шығысындағы қақтығыстардан Донбасстағы көмір шахталарынының көпшілігінен айырылған. Украина көмірді негізінен электр энергиясын өндіруде қолданады. 

Украинада желтоқсанның 1-інен бастап электр қуаты жиі өшіріледі. Электр қуатының көбін Украинадан алатын Қырымда да электр желтоқсанның 23-інен бастап уақытша өше бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары