$ 447.4  477.55  4.76

Ақтөбеде 122 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақтөбелік  тәртіп сақшылар «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс- шарасын өткізу барысында, кәмелетке толмаған 156, оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген  кәмелетке толмаған 5 жасөспірімді анықтаған, деп хабарлайды Skifnew.kz облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  Ақтөбе облысы аумағында ағымдағы жылғы 22-24 желтоқсан  аралығында «Жасөспірім» акциясы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның басты мақсаты жасөспірім арасындағы қылмыстардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын көтеру, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыс пен құқық бұзушылыққа қатыстырған ересек адамдарды анықтау.

Жедел профилактикалық іс - шараға 500-ден астам адам, оның ішінде 200 полиция қызметкерлері қатыстырылды.

Бұданбасқа ісшараға білім беру орталығы, деңсаулық сақтау, прокуратура, «НұрОтан» партиясы мен ата-ана комитетінің өкілдері қатысты.   

Ішкі істер органына бір күн ішінде кәмелетке толмаған 156  жасөспірім ұсталды. Олардың арасында  кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйден тыс жүргендері анықталды. Сондай-ақ, 122 атаана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ісшара барысында алкогольдік ішімдік ішіп және қоғамдық орындарды маскүйінде жүрген 5 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер органдарына есепке кәмелеттік жасқа толмаған 45 бала тіркелді, соның ішінде 5-уі оқудан жалтарғандар болса, 27-і тұрмысы төмен отбасыдан.

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары