$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстанның қазынасындағы қаражат қайда кетті?

Ел кәсіпкерлерінің көпшілігін бүгінде осы сұрақ мазалайды. Өйткені, мемлекеттік органдарға жалданып жұмыс істейтін отандық бизнесмендердің өздеріне тиесілі қаражатты ала алмай жүргендеріне екі айдан асып кетті. Қайда барса да еститіндері бір жауап: «Қазақстан бюджетінде ақша жоқ!».

Мемлекет басшысы «шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтірмеңдер» деп мемлекеттік орган басшыларына үнемі ескерту жасап келеді. Алайда, Үкіметте Елбасының сөзін тыңдайтын құлақ болмай отыр. Өйткені, расымен де қазынада ақша жоқ дейін десек, кей кәсіпкерлердің таныс арқылы бар мәселесін шешіп жатқанын көзбен көріп отырмыз. Оның үстіне меморган қызметкерлері алып жатқан қомақты сыйақылар да көңілге күдік келтіруде.

Мәселен, Қаржы министрлігі мен Авиация комитетінде істейтін қызметкерлер желтоқсандағы мерекелерге байланысты 10 «окладтан» сыйақы алыпты. Мұны аталған ведомстволардағы сенімді дереккөздер мәлімдеді.

Сонда аты дардай Есеп комитеті мен қаржы полициясы қайда қарап отыр деген ой келеді көкейге. Кеше ғана қайта құрудан өткен ведомство басшысы Қайрат Қожамжаров жемқорлыққа барғандар аяусыз жазаланады деп еді ғой. Мемлекет қаржысының қалай жұмсалып жатқанын неге тексермейді? Әлде олар да есепшоттарына түскен сыйақыны санап тауыса алмай жатыр ма?

Бұл сұрақтардың жауаптары белгісіз. Белгілісі  Қазақстан бюджетінде ақша жоқ. Қашан болатыны да белгісіз.

Ал бізге таныс іздегеннен басқа амал жоқ.

 Skifnews.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары