$ 447.4  477.55  4.76

Сот экс-әкім М. Смағұловтың қамау мерзімін 4 айға дейін ұзартты

Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталған Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың қамау мерзімі 4 айға созылды, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат» Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК 307-бабы бойынша айыпталған М. Смағұловтың қамау мерзімі 2015 жылғы 1 ақпанға дейін бір айға ұзартылды», – деді аудандық сот баспасөз қызметінің мамандары.

Естеріңізге сала кетйік, Қарағандының экс-әкімі М. Смағұлов 2014 жылғы 1 қазанда ұсталған. Оған ҚР ҚК 307-баптың 4-бөлімі бойынша айып тағылған. 3 қазанда сот оны екі ай мерзімге тұтқынға алды. Судья хабарлағандай, Қарағандының бұрынғы әкіміне екі рет заңсыз жер учаскесін берді деген айып тағылған.

Екі ай аяқталу бойынша сот тергеу органдарының өтінішімен М. Смағұловтың қамау мерзімін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартқан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы М. Смағұловқа ҚР ҚК 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу нұсқасы бойынша, Смағұлов «Қолжетімді баспана» мамлекеттік бағдарламасы бойынша үй салып жатқан «ЮТЭКС» компаниясының есебінен өз үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алдын ала бағалау бойынша, жөндеу құны 5 млн. астам қаражатты құраған.

М. Смағұлов  2012 жылғы қазан айында Қарағанды әкімі болып тағайындалған. 2014 жылғы маусымда өз еркімен отставкаға кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары