$ 448.89  477.93  4.76

Димаш Құдайберген Астанадағы көлік қозғалысының шектелуіне себепкер болды

27 маусым күні сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді, осыған байланысты Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары бойында көлік қозғалысына шектеу қойылады деп хабарлайды Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі.

Сағат 19.00-ден бастап концерт аяқталғанға дейін Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарынан, Жәнібек, Керей хандар көшесінен Ұлы дала көшесіне дейінгі аралықтағы көлік қозғалыстары шектеледі. Мәңгілік ел, Түркістан, Ақмешіт көшелерімен айналып өтуге кеңес беріледі.

Димаш Құдайберген өнер көрсететін күні стадионға №10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506 қоғамдық көдіктерімен жетуге болады.

Сағат 18.00-ден бастап төрт жерден: «Қазақстан» СК автотұрағы, «Нұр Астана» мешітінің алды, елордалық цирк автотұрағы және «Жастар» сарайы алдынан көрермендерді «Астана Аренаға» жеткізетін арнайы көліктер ұйымдастырылады.

Арнайы рейс автобустарындағы жол ақысы 90 және 150 теңгеден, жол жүру билеттері жарамсыз.

Концерт аяқталғаннан кейін осы рейстік автобустармен немесе № 10, 12, 27, 37, 28, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506 қоғамдық көліктерімен қалаға жетуге болады.

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция  қызметі жүргізушілдерден автокөліктерді қоғамдық көлік ретінде пайдаланудан бас тартуын сұрайды. 

Дереккөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары