$ 443.85  474.3  4.8

ТМД мемлекеттері құпия ақпараттарды бірлесе қорғайды

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Аталған келісімге 2013 жылы 25 қазанда Минск қаласында ТМД мемлекеттерінің басшылары қол қойған болатын. Ал құжат Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы келісімдері негізінде дайындалған.

Құжат аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құпия ақпараттарының қауіпсіздігін қорғау қарастырылады. Ал оның орындалуына әр тарап өздері айқындайтын құзыретті органдар жауапты болады. Қазақстанда келісімнің орындалуына жауапты құзыретті орган болып Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынылып отыр. Өйткені Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚШҰ және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының өзара құпия ақпараттарды қорғау туралы келісімінің орындалуына жауапты орган.

Жалпы алғанда, құжатты қабылдау ТМД шеңберінде құпия ақпараттарды қорғау жұмысын одан әрі үйлестіруге және күшейтуге ықпал ететін болады. Құжат бойынша құпия ақпараттарды берудің әрбір нақты жағдайы қаралып, ол бойынша тараптардың мүдделері де негізге алынады. Сонымен қатар құпия ақпараттарды беру әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары